20 сәуір күні Алматыда жыл сайынғы жартылай марафонға байланысты жол қозғалысының бағыты өзгереді
Алматыда Almaty Half Marathon 2025 жарысына дайындық жүріп жатыр — бұл еліміздегі Almaty Marathon-нан кейінгі ауқымы жағынан екінші ірі жүгіру шарасы. Биыл жарысқа 40-тан астам елден 10 000 қатысушы жиналады деп күтілуде. 20 сәуір күні жартылай марафон өткізілуіне байланысты қалада көлік қозғалысының бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «Смелость быть первым» корпоративтік қорының операциялық директоры Ержан Бримжанов өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді.