Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр
Қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Алматы әкімдігі бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда. Мәселен, "Магнум" (5,9 млрд.тг) және "Тоймарт" (404 млн. тг) ірі сауда желілерінде ӘМАТ-ның 19 атауы тіркелген, төмендетілген бағамен сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар берілді. Қазіргі уақытта "Тоймарт" сауда желісімен келісім-шарт 2021 жылдың қарашасына дейін ұзартылды.