«И.С.Бахтың 340-жылдығына арнау» атты концерті
2025 жылдың 18 қаңтар күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Н.Тілендиев атындағы Камералық залында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің «И.С.Бахтың 340-жылдығына арнау» атты концерті өтеді. Квартеттің көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері– Ернар Мыңтаев.