«Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі
2024 жылдың 18 мамыры сағат 16:00-де Халықаралық музейлер күні аясында, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылады.