Алматыда жұмыс істейтін жастарға қалай баспана алуға болады
15 қарашада «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров бағдарламаға қатысу шарттары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтып берді.