Ала допты алақанда айналдырған байрақты бәсеке өз мәресіне жетті!
Мамыр айында қала жастарының спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатында Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат өтті. Салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан құралған 16 команда қатысты.