Алматының интернационалист жауынгерлері Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай арнайы төлемдер алады
Алматыда 15 ақпанға дейін ауған ардагерлеріне 100 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров айтып берді.