Алматыда 60-тан астам киножоба мемлекеттен қаржыландырылады
Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның киноиндустриясына арналған брифинг өтті. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ өкілдерінің айтуынша, отандық фильмдерді жас режиссерлер жиі түсіреді.