Алматыда интернет-алаяқтық фактілерін анықтау 4 еседен астам өсті
Жыл басынан бері мегаполисте 1560 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов осындай статистикалық мәліметтерді келтірді.