Алматылық волонтерлер Абай облысында зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинауды бастады
Гуманитарлық көмекті жинау жұмысына 30-ға жуық ірі волонтерлік ұйымдар кіріскен. Осы кезге дейін 300 кг гуманитарлық көмек жиналған, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының өкілдері.