Алматының өртке қарсы қызметінде 250 бос орын бар: сержант лауазымына қабылданар кезде заңды білуге тест тапсырудың қажеттілігі жоқ
Бүгінде өрт сөндірушілердің жалақысы 113-тен 200 мың теңгеге дейін құрайды. Жалақыны көтеру жоспарда бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшысы Айдар Скабаев қызметке орналасу шарттары мен артықшылықтары туралы айтып берді.