Алматыда 15 700 мүгедектігі бар жанға оңалту құралдары беріліп, қызметтер көрсетіледі
2022 жылдың басынан бері Алматыда тұратын 10 500 мүмкіндігі шектеулі жан техникалық оңалту құралдарын алды, – деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.