2024 жылы Алматы қаласы туберкулезді емдеу бойынша пилоттық жобаны бастады, оның ұзақтығы - 6 айдан 9 айға дейін
Туберкулезді емдеудегі маңызды жетістік емдеу ұзақтығын қысқарту болып отыр. Соңғы он жылда тәжірибеге туберкулезге қарсы жаңа препараттар мен қысқа мерзімді емдеу режимдері енгізілді, бұл емдеу ұзақтығын алдыңғы 20-24 айдың орнына 6-9 айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының директоры Жанар Сапиева хабарлады.