Qunart: Қазақ өнеріндегі қой бейнесінің тарихы
2025 жылдың 1 – 18 мамыры аралығында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақ өнеріндегі мал шаруашылығының символизмін ашатын ерекше көрме өтеді. «Qunart: Қазақ өнеріндегі қой бейнесінің тарихы» экспозициясы дәстүр мен заманауилықты шебер ұштастыра отырып, Қазақстанның мал шаруашылығы мен мәдениетіне назар аудартатын Qunar+ реалити-шоуының лайықты жалғасы болмақ.