Жас ғалымдардың І Халықаралық форумы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен ғылыми жетістіктеріне арналады
2021 жылы 8-10 аралығында Алматыда «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» І Халықаралық жас ғалымдар форумы өтеді. Ірі ғылыми шараны Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылыми кеңес ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Форумды өткізуге қолдау көрсетіп отыр.