Алматыда 3000-нан астам көппәтерлі тұрғын үй басқарудың жаңа түрлеріне көшті
Алматыда ПИК-тің МИБ-ге ауысуы белсенді қарқынмен жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов хабарлады. Оның айтуынша, егер бұрын мегаполис тұрғындары әдеттегі ПИК-тен бас тартуға асықпаса, қазір үйлерді басқару нысанын жаппай өзгертіп жатыр.