Б. Сағынтаев алматылықтарға COVID-19 қауіпті екенін еске салды
Алматы «жасыл» аймаққа көшті, бірақ бұл коронавирустық инфекция дертінің жаңа толқынының қауіпті екенін жоққа шығармайды. Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл қауіп карантин шараларын сақтамаған және вакциналануды елемеген жағдайда орын алуы мүмкін еске салды.